Комплаенс
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қорда «комплаенс-офицер» штат бірлігі енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Нұсқаулық және комплаенс-офицер туралы Ереже ішкі құжаттыры әзірленіп, бекітілді.
Қор сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын енгізу және жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
- басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің ақпараттық ашықтығы;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің тәуелсіздігі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті тұрақты жетілдіру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыреттерін үнемі арттыру.
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды, оның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және өзге де заң бұзушылықтар жағдайларын уақтылы анықтау және болдырмау мақсатында Сіз төмендегі байланыс арналары арқылы хабарлай аласыз:
+7 (7172) 95 40 17
Пайдалы сілтемелер
- «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 18 ҚАРАШАДАҒЫ № 410-V ҚРЗ ЗАҢЫ
- 2022 ЖЫЛҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2022-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
- ҚОРДЫҢ КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ